Алматыда 189 рет жол ережесін бұзған электромобиль иесі қолға түсті

0

Оған салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 6,5 миллион теңгеден асып кеткен.

Алматы полициясы 6,5 миллион теңге айыппұл төлемеген шетелдік көлікті ұстады, деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жергілікті полицияның құрығына Zeekr маркалы автокөлігі түскен. Полиция дерегінше, оның жүргізушісі 189 рет жол ережесін бұзыпты.


Алматыда 189 рет жол ережесін бұзған электромобиль иесі қолға түсті

 

«Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында ұсталды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», – деді, Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Көлік және логистика институты құрылады

 

Источник: informburo.kz

Leave A Reply