Алматы әуежайындағы жолдардың бірі жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
Жөндеу кезеңінде ескі пандусқа көтерілу жолы жаңа пандусқа ауысады.
«Ақсұңқар» қонақүйінің жанындағы пандусқа кіру жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Алматы әуежайының баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары аясында гидрооқшаулауды жақсарту, жылыту жүйесін жаңғырту және жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
«Жөндеу кезеңінде ескі пандусқа көтерілу жолы жаңа пандусқа ауысады. Туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.