Алматы метросында турникеттерді жаңарту жұмыстары басталды

0 57


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Алматы метросында турникеттерді жаңарту жұмыстары басталды

Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады.

Алматы метросында турникеттер жаңартылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қызметкерлердің айтуынша, енді жолаушыларға жолақыны төлеу ыңғайлы болады.

Алматы метрополитенінде күзге қарай жолаушылар жолақыны тікелей кіреберісте – Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар банк картасын немесе смартфонды құрылғыға тигізу арқылы төлей алады.

«Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады. Бұл жолаушылардың өту үдерісін едәуір жеделдетіп, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді», – делінген хабарламада.

Leave A Reply