Алматыда халықаралық форумға байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады

31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында халықаралық форум өтеді.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды үндеу жасады.
Оған сәйкес, 2025 жылғы 30-31 қаңтарда халықаралық шара кезінде қалада көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:
- Майлин көшесі,
- Құлжа тасжолы,
- Бұқтырма көшесі,
- ШААЖ,
- Әл-Фараби даңғылы,
- Сейфуллин даңғылы,
- Достық даңғылы,
- Жароков көшесі.
«Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында Digital Almaty 2025 халықаралық форумы өтеді.
Источник: informburo.kz