Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді

№ 3 түнгі маршрут өзгеріссіз жұмыс істейді.
Алматы қалалық мобильділік басқармасы алдағы мереке күндері мегаполистегі қоғамдық көліктердің қалай қатынайтынын мәлімдеді.
Мәселен, 1 қаңтарда желіге жоспарланған демалыс күнінен жылжымалы құрамның 50% шығады, 2-4 қаңтарда қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.
Алматы-2 теміржол вокзалы — «Медеу» «Медеу» биік таулы спорт кешені апаратын № 12 бағыт бойынша, 1-4 қаңтар аралығында желіге 20 автобус шығады. Қоғамдық көлік демалыс күнгі кесте бойынша жұмыс істейді.
№ 3 түнгі маршрут өзгеріссіз жұмыс істейді. Алматы қаласы метрополитенінің жұмысы демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20–дан 00:00–ге дейін 12-15 минуттық қозғалыс аралығымен ұйымдастырылады.
Источник: informburo.kz