Алматылық құтқарушылар туристер мен қала тұрғындарына үндеу жолдады

113


                                                                                                                                                                                                    Алматылық құтқарушылар туристер мен қала тұрғындарына үндеу жолдады

Бір апта бойы таудағы қар жамылғысы тұрақсыз болады.

25 сәуірде Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті тауда демалғысы келетіндерге ескерту жасады.

«Қазгидрометтің» дабылды ескертуі негізінде Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті тауға аттанған демалушыларға 25-2 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталатынын хабарлады.

Осыған байланысты департамент қызметкерлері:

  • қарлы тік жартастарға шықпауды,
  • таулы аумақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Источник: informburo.kz

Comments are closed.