АҚШ-тан жолданған сәлемдеме: Алматыда пошта арқылы есірткі жеткізу әрекеті әшкереленді

0 164


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                АҚШ-тан жолданған сәлемдеме: Алматыда пошта арқылы есірткі жеткізу әрекеті әшкереленді

Пошта арқылы есірткі тасымалдау фактісі анықталды.

Алматыда полиция халықаралық пошта арқылы есірткі жеткізуге талпыныстың жолын кесті, деп хабарлады ІІМ.

Ведомство дерегінше, АҚШ-тан келген сәлемдемеден өсімдік тектес тыйым салынған заттың қомақты мөлшері табылған. Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев бұл жағдайдың алғаш рет тіркеліп отырмағанын атап өтті.

«Мұндай фактілер бұрын да болған. Біз заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін жүйелі түрде жұмыс істейміз. Заң бәріне ортақ, жаза бұлжымайды», – деді ол.

Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Leave A Reply