5 миллион теңге: Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

0 47


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            5 миллион теңге: Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері де тіркелді.

Алматыда бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық топты ұстау операциясы ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Алматы қалалық полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура өкілдерінің қатысуымен өтті.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілердің бір эпизодында олар шетел азаматынан күш көрсетіп, қорқытып, жалдамалы пәтерде заңсыз ұстаған. Қысым көрсету арқылы жәбірленушінің 5 миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Арнайы операция барысында 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде мынадай заттар тәркіленген: 7 тапанша, оқ-дәрілер мен суық қару, есірткі заттары.

Сонымен қатар заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері де тіркелді.

«Анықталған барлық заңбұзушылық бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Leave A Reply