Қытайдың Шанхай қаласында Алматының серіктестік туристік алаңы ашылады

0 56


                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Қытайдың Шанхай қаласында Алматының серіктестік туристік алаңы ашылады

2024 жылдың өзінде Алматыға 95 мыңнан астам қытайлық турист келген.

Халықаралық әріптестікті дамыту және қаланың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Алматы әкімдігі ҚХР-ның Шанхай қаласында серіктестік туристік алаң ашу бастамасын көтерді, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Кең ауқымды Қытай аудиторияға бағытталған бұл салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылдың маусымында Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді. Іс-шара аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шанхайлық туристік компания арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланған. 

«Азияның ең ірі мегаполистерінің бірінде ақпараттық-туристік алаң құру – Қытайдан келетін саяхатшылар үшін Алматыны тартымды бағыт ретінде ілгерілетудің маңызды кезеңі болмақ. Келушілерге көрнекі экспозициялар, мультимедиялық материалдар, сондай-ақ, туристік бағыттар, мәдени іс-шаралар, гастрономиялық ерекшеліктер және демалыстың басқа да аспектілері бойынша жеке кеңестер ұсынылады», – делінген хабарламада. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіптік-техникалық колледжі құрылады

Серіктестік алаңның ашылуы Қытайдан келетін туристер легінің тұрақты өсуімен тұспа-тұс келіп отыр: 2024 жылдың өзінде Алматыға 95 мыңнан астам қытайлық турист келген. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 50 пайызға артық. Жоба Алматы мен Шанхай арасындағы гуманитарлық және іскерлік байланыстарды кеңейту туралы келісім аясында жүзеге асырылады. 

Еске салайық, 2024 жылғы қарашада екі қала арасында бауырлас қала мәртебесін орнату жөнінде Ниет хатына қол қойылды. Бұл келісімді ресми түрде бекіту 2025 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, China Eastern Airlines әуе компаниясының тұрақты рейстері жақын арада басталады.

Источник: informburo.kz

Leave A Reply