Қыркүйекте Алматының Күйгенсай шатқалында жаңа көпір пайдалануға беріледі

0 310


                                                                                                                                                                                                                                                        Қыркүйекте Алматының Күйгенсай шатқалында жаңа көпір пайдалануға беріледі

"Арман көпірінің" ұзындығы – 77 метр.

Күйгенсай (Горельник) шатқалында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі салынып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарланады. 

Жоспар бойынша, қыркүйекте ұзындығы 77 метр болатын жаяу жүргіншілер көпірі іске қосылады. Көпір шатқалдың екі жағын жалғап, оқушыларға арналған болашақтағы «Мың бала» спорт клубына жол ашады. 

Әкімдік хабарламасына сәйкес, жоба Еуропа таулы аймағында аспалы көпір салумен танылған швейцариялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Көпір жер бедеріне бейімделіп салынған, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді. Сонымен қатар балалар мен спорт топтарының және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік беретін нысандар салынады. Олардың қатарында ауданы 912 шаршы метр спорт залы, балалар мен спорт командаларына арналған 12 модульді тұрғын капсула, ашық аспан астында жаттығу жасауға арналған арнайы алаң бар.


                                                                                                                                                                                                                                                        Қыркүйекте Алматының Күйгенсай шатқалында жаңа көпір пайдалануға беріледі

Еске салайық, көктемде Күйгенсай шатқалында ұзындығы 285 метрлік жарықпен және тынығу бұрыштарымен жабдықталған «Жұмбақ жол» экосоқпағы ашылған болатын.

Бұл жобалар экотуризмді дамытуға, табиғатты аялауға жол ашып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Leave A Reply